jasqazaq.kz

Мектеп оқушысының зорлануына қатысты директор күдікке ілінді

09 сәуiр 2021, 16:03

Батыс Қазақстан облысында адам аузы бармайтын қылмысты құзырлы органдардан жасырып қалды деген күдікпен мектеп директоры жауапқа тартылды, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Осы өңірдегі Жаңақала ауданының тұрғыны он жастағы өгей қызын үш жыл бойы зорлап келген. Бірақ қорғансыздың күнін кешкен періштеге ара түсуге ешкім асықпаған көрінеді. Енді олар осы салғырттығы үшін жауапқа тартылып жатыр.

Мектеп директорына тағылған айыппен қорғаушысы келіспейді. Өйткені қыздың жәбірленгенін алдымен ата-анасы әлде туыстары хабарлауы керек екен. Ал мектеп ұжымының олардан бұрын полицияға шағынуы міндетті емес, дейді қорғаушы.

«Біздің қорғауымыздағы директор мен прокурордың арасындағы ашу-араздыққа байланысты іс насырға шауып жатыр. Намысы тапталған прокурор Лариса Тұраровнаға солай айтып тұр ғой: «Мен сені жұмыстан шығартып, соттатамын», деп. Туған шешесі «параноидальный шизофреник» деген белгімен есепте тұр. Бір баласының ақыл-есі кеміс, үш баласын үш еркектен туғаны туралы мәлімет бар», – дейді Айсұлу Биялиева.

Мұндай уәжді заңгерлер де құптап отыр. Өйткені қылмыс мектептен тыс жерде жасалған. Сондықтан ұстаздарды бұған кінәлаудың қисыны жоқ.

«Бұл іске оқытушылар мен директордың қандай қатысы бар? Егер осы оқиға мектепте болып, олар жасырып қалса, бір сәрі. Сондықтан бұған ең алдымен ата-анасы мен туысқандары жауапты. Егер құзырлы органдар тергеуді осылай біржақты жүргізетін болса, онда психологтар бастаған мектептің бүкіл қызметкерін жабу керек сияқты», – дейді «Адам құқықтарын қорғау жөніндегі» Қазақстан халықаралық бюросының БҚО филиалының директоры Павел Кочетков.
Өгей қызғына озбырлық жасаған жігіт былтыр 22 жылға сотталып кетті. Енді полиция қылмысты жасырып қалды деген күдікпен мектеп директорына іс қозғады.

«Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті тарапынан бұл іске қатысты Қылмыстық кодекстің 434-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілді. Қазіргі таңда іс сотқа жолданған. Азаматша облыс аумағынан шықпау бойынша қолхатпен таңда үйінде отыр», – дейді облыстық полиция департаментінің өкілі Мөлдір Садырғалиева.

Оқи отырыңыз: Бес облыста білім басқармасының лауазымды қызметкерлері тергеуге алынды

Елді дүрліктірген қылмыстың беті ашылған соң, мектептегі басқа қызметкерлер де жазасыз қалмапты. Мектеп психологы мен интернат меңгерушісі, әлеуметтік педагог секілді мамандар қатаң сөгіс арқалаған.

Ал директордың кінәсі дәлелденсе, алты жылға темір торға қамалуы мүмкін.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия