jasqazaq.kz

Мектеп оқушысын ұрламақ болған

18 қазан 2019, 10:36


Оралда мектеп оқушысын ер адам ұрлап кетпек болған,
Қаладағы №44 мектеп-гимназиясының директоры Ақжарқын Темірханованың айтуынша, оқиға 16 қазан күні орын алды. Осы білім ордасының 5-сынып оқушысы сабақ аяқталған соң сағат 17.30-да мектептен шығып, Д.Қонаев атындағы шағынауданда №27 үйге қарай кетіп бара жатқан. Сол мезгілде қара киім киген бейтаныс ер адам артынан келіп, мойнынан ұстап, артқа қарай сүйреген. Қорыққан қыз бала қатты шыңғырып жіберген. Оның дауысын естіген әйел су құятын ыдысымен ер адамды соққылап, қызды құтқарып қалған. Бұл туралы кешкісін сағат 21.00-де қыздың анасы оқушының кураторына хабарлаған. «17 қазан күні қыздың ата-анасы мектепке шақыртылып, болған жағдай анықталды. Мектеп әкімшілігі тарапынан анасы мен қызына психологиялық көмек көрсетілді. Оқиға жөнінде мектеп инспекторына да ескертілді. Сондай-ақ ата-анасы қызын сабақтан кейін өзі алып кететіні туралы қолхат жазды», деді А.Темірханова. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі қазіргі кезде мән-жайдың анықталып жатқандығын жеткізді.

ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда