jasqazaq.kz

Мектеп оқушысы туған ағасынан жүкті болып қалған

18 сәуiр 2019, 17:35

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы бүлдіршіндерге қатысты зорлық-зомбылықтың көбейіп кеткеніне алаңдап отыр. Тоқсандық жұмысқа қорытынды жасаған төраға сотта қаралған жантүршігерлік жағдайлар туралы баяндап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Сот төрағасы өңірде қозғалған екі іске баса назар аударды.

«Мен мына жағдайларға алаңдадым. Ақтөбе облысында екі іс қаралды. Оның бірінде туған әкесі 2-3 жыл бойы 11-12 жастағы туған қызына жыныстық зорлық көрсеткен. Өгей емес, туған әкесі. Осындай жантүршігерлік тағы бір жағдайда ер адам туған қарындасын екі жылдан аса уақыт жыныстық қатынасқа тартқан. Зорлық көрген екі бала да кәмелеттік жасқа толмаған бүлдіршіндер.
Қыз баланың ағасынан аяғы ауыр болып қалған кезде ғана мектеп мұғалімі байқаған. Бұл оқиға сол кезде ғана тіркелген. Бұл жақсы жағдай емес. Қоғам болып күресуді талап ететін жағдай», — дейді Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Абдолла Сәкен.

Сонымен қатар, ол кез келген мәселеде баламен ашық сөйлесіп, дос болу керектігін айтты. Оған қоса, қандай туыс болса да ер жігіт пен қыз баланы бір бөлмеде жатқызбауға кеңес берді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда