jasqazaq.kz

Мектеп оқушысы өз анасының айтқанымен жезөкше болған

28 қыркүйек 2018, 16:17

Өзбекстанның Ферғана облысы Бешарык ауданында жетінші сынып оқушысы анасының талабымен жезөкшелікпен айналысқан.
КТК жазғандай,  соның салдарынан аяғы ауыр болып қалған қызына шешесі түсік жасатқан. Ферғана облысы басшысы орынбасарының көмекшісі Сайёра Алимованың айтуынша, кәмелет жасқа толмаған қызға қарсы қылмыс жасағандардың барлығы тиісті жазасын алды. «Бешарык аудандық соты 39 жастағы жергілікті тұрғын Феруза Давронованы қызын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегені үшін айыпты деп танып, 10,5 жылға соттады. «Чорбогтуронил» ауылының тұрғындары — Шерзод Балибеков, Жасур Эргашев және Эргашали Сулаймонов кәмелет жасқа толмаған қызды зорлаған деген айыппен 12 жылға түрмеге қамалды», — деді шенеунік. Оның айуынша, жетінші сынып оқушысымен психолог жұмыс істеген. Одан соң қыз Қоқан қаласындағы мектеп-интернатқа ауыстырылды. Аудандық сот өкілі үкімнің үкімнің күшіне енгенін, қыздың анасы мен кісі зорлаушылар колонияға жөнелтілгенін айтты. Еске салайық, 18 тамызда Бешарык ауданындағы қышлақтардың бірінде жетінші сынып оқушысының бес ай болған жүктілігін акушер-гинеколог жергілікті шенеуніктердің бұйыруымен үзгені хабарланды. Бұған қоса аудандық әкімшілік қыздың отбасына материалдық көмек көрсеткен. «Жергілікті билік қыздың үйін жөндеп берген. Бұның барлығы Ташкенттен шенеуніктер тексеруге келіп қалған жағдайда, 39 жастағы әйел жоқшылықтан қызын жезөкшелікке мәжбүрлеген деп айтпас үшін жасалған», — деді дереккөз.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді