
Boris Sartayev есімді Facebook қолданушысы отбасылық бюджетке талдау жүргізу туралы оқушы қызына берілген тапсырмаға шүйлігіп, жазба қалдырды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Оның жазуынша, оқулықтағы тапсырмада оқушыларға әкесі мен анасының табысын жазып келу талап етілген. «Мына қызықты көріп, таң-тамаша қалып отырмын. Қызым келіп, әлемді тану (ондай пән төртінші сыныпта бар) бойынша тапсырмаға көмектесіп жіберуімді өтінді. Ұқпаған тұсын сұрады (…). Оқулықты жасаушылар, сіздер түнде салық органдарында жұмыс істеп жүрген жоқсыздар ма? Мына сұрақтың сиқын қараңдар! Отбасылық табысты балалар арқылы біліп алу жөн деп отырсыңдар ма?» — деп жазады ашулы әке.
Әлеуметтік желі қолданушысы оқулықтағы тапсырманы құпия қызметтің жұмысымен салыстырады. «Мен мұндай оқулықтар мен тапсырмаларға қарсымын! Әлбетте, табысты жасыру керек деген пайым-пікірге сүйеніп отырған жоқпын. Бұл заңсыз», — деді ол.