jasqazaq.kz

Мектеп директорының мұғалімді жұмысқа алу өкілеті жойылды

04 наурыз 2021, 23:19

Мұғалімдер жұмысқа жаңаша қабылданатын болды. Бұрын педагогтерді қызметке алу туралы шешімді тек мектеп директоры немесе балабақша меңгерушісі шығарса, енді олардың өкілеттігі жойылады. Енді мұғалім конкурстық іріктеуден өткізіледі. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Өзгерістерді сенаторлар мақұлдады. Түзетуді білім министрлігінің өзі де күткен секілді. Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жұмысқа қабылдаудың жаңашылдығын жіліктеп түсіндіріп берді. Шенеунік бұрынғы жүйе парақорлыққа жағдай туғызғанын мойындаған. Енді мұғалімдердің бос орынға орналасуын мектеп директоры емес, көпшілік шешеді. Өзгерістер тек педагогтерді емес, басшыларды да айналып өтпеді. Мектепті басқаратындардың өзі ротацияға ұшырайды – директорлар енді бір орында жылдар бойы отыра алмайды.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

— Басшылардың жылдар бойы бір лауазымда отыруының өз артықшылығы да бар, кемшілігі де көрініс тауып жатады. Жалпы, басшыларды орындарымен ауыстыру үздік тәжірибені басқа да ұйымдарға енгізуге ықпал етеді. Әрине, бұл тұрғыда ротациялаудың нақты тәртібі бекітіледі. Ротацияны министрлік әзірлеген қағидалар бойынша білім басқармалары жүргізеді.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия