jasqazaq.kz

Мектеп директоры жазаланды

02 мамыр 2019, 18:08

№9 Ақтөбе қалалық мектеп-гимназиясының директоры Салиха Қазбаеваға қатаң сөгіс берілді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Ақтөбе қаласындағы №9 мектеп-гимназиясында 20-дан астам оқушы астан уланып, ауруханаға түсті. Кейін облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті улану себебін анықтады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, барлығы 30 сынама алынып, оның алтауынан ішек таяқшасы, екеуінен S.aureus, яғни, стафилококк анықталды. Стафилококк ботқадан, ал ішек таяқшасы тауық етінен жасалған үй сорпасы мен ірімшік қосылған тауық етінен шықты. Асханада 8 адам жұмыс істесе, оның екеуінде стафилококк тіркелді. Санитар мамандар Ақтөбе облыстық білім басқармасы мен қалалық білім бөлімінен кәсіпкердің құжатсыз жұмыс істеуге рұқсат бергені үшін директорға шара қолдану сұрады. Бүгін баспасөз мәслихатында директордың жазаланғаны белгілі болды.

«Санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз жеке кәсіпкерді асханаға жіберіп, жұмыс істеуге рұқсат берген мектеп директоры Салиха Қазбаеваға «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жазасы берілді», — деді Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы Саян Сүлейменов.

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты