jasqazaq.kz

Мектеп директоры өз ұлын бірнеше жыл бойы зорлап келген

06 желтоқсан 2017, 13:12

Алматы облысында мектеп директоры өз баласын бірнеше жыл бойы зорлап келген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талғар қаласында қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық жылжымалы сотында Талғар ауданының тұрғынына қатысты сот үкімі шықты. Ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») және 107-бабының 1-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру») бойынша айыпталған. Қылмыстық іс материалдары бойынша, айыпталушы өз ұлына қатысты бірнеше жылдан бері сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасаған. Сот үкімімен ер адам айыпты деп танылып, 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өмір бойына педагогикалық қызметтерге, кәмелет жасына толмағандармен жұмыс істейтін орындарға орналаса алмайды. Педофил барынша қауіпсіздендірілген қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Үкімнің әзірше заңды күшіне енбегені айтылады.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды