jasqazaq.kz

Мектеп директоры көлігімен оқушыны қағып кетті

31 қазан 2019, 16:10

Түркістан облысының Шардара ауданында мектеп директоры көлігімен 6 жасар баланы қағып кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға спорт мектебінің маңында кеше кешкісін сағат бестер шамасында болған. «Тойота камри» маркалы көлігін тізгіндеген директор 1 сынып оқушысын қағып, жарақаттаған. Жеңіл көлік қаққан бала аудандық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің сөзінше, жеткіншектің жағдайы қалыпты. «Баланың жеңіл түрде миы шайқалған. Бетінде сырылған жерлері бар. Бірақ еш жері сынып, жарақат алмаған. Қазіргі таңда жарақат бөлімінде анасымен бірге жатып, ем қабылдауда. Жағдайына қарай ауруханадан шығарылатын болады»,- дейді аурухананың дәрігерлері. Ал, өңірдің полицейлері осы оқыс жағдайға байланысты тиісті сараптама тағайындалып, тексеру шаралары жүргізіліп жатқанын айтады. «Бұл жол көлік оқиғасы Шардара аудандық ПБ тіркелді. Қазіргі таңда аудандық Әкімшілік полиция қызметкерлері бұл жайтты тексеру үстінде. Сараптамалар тағайындалды»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде