jasqazaq.kz

Мектеп директоры балаларымен терезеден секірген әйел туралы айтып берді

23 қараша 2021, 14:45

Мектеп директоры балаларымен терезеден секірген әйел туралы айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қайтыс болған 6 жасар қыз оқыған №141 мектеп директоры бұл отбасынан ешқандай ерсі қылықтар байқамағанын айтады.

«Қыз бірінші сыныпта оқитын. Ашық-жарқын қыз еді, өте жақсы оқыды. Біздің мектепте қыркүйектен бері оқиды. Баланың туу туралы куәлігіне қарағанда, отбасы Түркістан облысынан келген. Мұғалім қыздың анасын ғана көрген, күнде мектепке қызын әкеліп, алып кететін. Қыз отбасында кикілжің болғанын айтып шағымданбады. Анасы қарапайым әйел еді, айтарлықтай ештеңе байқалмады», — деді директор.

Директордың айтуынша, олар қыздың әкесі туралы ештеңе білмеген.

Бұған дейін Алматыда әйел кішкентай үш баласымен 9-қабаттан секіріп кеткені хабарланған болатын. Оқиға орнында әйел мен екі бала қаза тапты. Жедел жәрдем көлігінде тағы бір бала қайтыс болды. Кейін куәгерлер оқиға қалай болғанын айтып берді.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр