jasqazaq.kz

Мектеп директоры айыппұл арқалады

25 тамыз 2021, 11:26

Екібастұзда сот бұрынғы мектеп директорына екі мұғалімге қысым көрсеткені үшін әрқайсысына 300 000 теңге төлеуге міндеттеді.

Педагогтың құзырындағы қызметкерлерге шамадан тыс көңіл бөлгені, олардың арқасынан, қолынан сипауға, белінен құшақтап, тіпті сүюге тырысқаны анықталды. Жергілікті мектептердің бірінің мұғалімдері ер адамның әдепсіз әрекеті үшін сотқа жүгінген.

«Талап арызда талапкер 2020 жылдың ақпанында жауапкер мектептің директоры бола отырып, оларды жұмыс уақытында және жұмыс орнында қысым көрсеткенін мәлімдеді. Қудалау сүю, қолдан сипау, белінен құшақтау секілді әрекеттермен іске асқан. Жауапкердің заңға қайшы әрекеттері нәтижесінде талапкерлер соққыға, қорлыққа, қорқынышқа, күйзеліске ұшырап, ұйқыдан қалған» , — делінген «Сот кабинетінде» орналастырылған Екібастұз қалалық сотының шешімінде.

Құжатта қысымшылыққа ұшыраған мұғалімдердің бірі ҚР Білім және ғылым министрлігіне шағымданғаны айтылады. Білім бөлімінің жоспардан тыс тексеруі шағымда көрсетілген фактілердің рас екеніне көз жеткізді. Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік соты мектеп директорына жәбір көрсеткені үшін 42 мың теңгеге жуық айыппұл салды. Алайда жәбір көрушілер жазаның жеңілдігіне қанағаттанбай, моральдық өтемақы талап етті.

Осыдан кейін экс-директор өзінің бұрынғы әріптестерін жалған ақпарат таратты деп айыптап, қарсы шағым түсіріп, әрқайсысынан 500 мың теңге талап етті.

«Сотталушының айтуынша, мұғалімдердің бірі бұқаралық ақпарат құралдарына оны белінен ұстап, онымен бірге кетуді және басқа да ұятсыз заттарды ұсынғанын айтқан. Алайда ол әріптесінің қолында үлкен папкалар бар екенін және такси күтіп тұрғанын ескере отырып, бар болғаны үйіне дейін жеткізіп салуды ұсынған» , — делінген құжатта.

Сот отырысында мектептің бұрынғы директоры жұмысындағы өрескел бұзушылықтары үшін сөгіс бергеннен кейін мұғалімдер оның үстінен шағымдана бастағанын айтқан. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы түсініктемелерде ол мұғалімдерді қолдарын сипалау мен құшақтау арқылы жігерлендіруге тырысқанын жоққа шығармады бірақ мұғалімдер әріптестерінің бұл ниетін дұрыс түсінбеген.

Мектеп директоры өз талап-арызында әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы қудалаудың салдарынан психикалық азап шегіп, тіпті ауырып қалғанын айтқан. Алайда, сот арызшының бұл уәжін негізсіз деп тапқан.

«Жауапкердің заңға қайшы әрекеттерінің нәтижесінде талапкер Азаматтық кодекстің 951-бабында анықталған моральдық зиян белгілеріне сәйкес келетін моральдық азап шегуді, қорлауды, қорқынышты бастан өткерген. Мектеп директоры мұғалім ретінде мінез-құлықтың этикалық нормаларын сақтауы сонымен қатар ұжым мүшелеріне сыпайы және дұрыс сөйлеуі керек. Әріптестеріне қатысты сипалау, арқадан қағу секілді қолдау әдістеріне жол берілмейді» , — делінген сот құжатында.

Мұғалімдердің бұрынғы директорға қатысты моральдық зиянды өндіру туралы талап арызын Екібастұз қалалық соты ішінара қанағаттандырып, жауапкерден бұрынғы әріптестерінің әрқайсысына 300 мың теңге төлеуге міндеттеді. Айта кетейік, әйелдер бұған дейін қылмыскерден бір миллион теңге өтемақы талап еткен. Сот қарсы талап авторына өтемақы төлеуден бас тартты.

Stan.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия