jasqazaq.kz

Мектеп директоры 8 жылға сотталды

19 қантар 2021, 20:13

Шымкентте карантин кезінде мұғалімдерден жүйелі түрде пара алған мектеп директоры сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот отырысында №34 мектептің бұрынғы басшысы Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша кінәлі деп танылған. Атап айтқанда, бірнеше рет сеніп тапсырылған мүлікті ысырап еткен және талан-таражға салған. Сондай-ақ, алаяқтық жолмен мұғалімдердің қосымша айлығын өзіне иемденген. Тіпті аз қамтылған отбасы балаларына ыстық тамаққа бөлінген ақшаны да өз пайдасына жаратып келгені дәлелденген. Десе де, тергеу кезінде айыпталушы өз кінәсін мойындамады. Үкім оқылғаннан кейін ол сот залында қамауға алынды. «Бұл қылмыстың барлығы карантин кезінде орын алған. 2020 жылдың наурыз-мамыр айлары аралығында. Яғни ол мұғалімдерді ақысыз еңбек демалысына шығармас үшін, жұмыста қалдыру үшін олардан пара талап еткен. Параны қорқытып алып отырған. Сот жаза тағайындау барысында айыпталушы Қалтаеваның жасаған қылмысының ауырлығын сезінбегенін, өз кінәсін мойындамағанын, іс бойынша ауырлататын мән-жайдың бар екенін, ал жеңілдететін мән-жайдың жоқ екенін ескерді. Оның тарапынан сыбайлас жемқорлықтың жүйелі түрде орын алғанын ескере отырып, тек қана бас бостандығынан айырғанда ғана бұл жаза мақсатына жетеді деген қорытындыға келдік. Сотталушы жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді»,- деді үкімді оқыған судья Аинель Орақбаева.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия