jasqazaq.kz

Мектеп дәретханасында ұсталды

03 наурыз 2020, 14:04

Түркістан облысының Төлеби ауданындағы мектептердің бірінде дәретханаға кірген бөгде ер адам ұсталды. Белгісіз адамды бейнебақылау камералары арқылы көрген ұстаздар полицияны шақыртқан. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұсталған адам орта дәрежелі мас күйінде болғаны анықталды. Ол дәретханаға кіргенде ішінде екі оқушы қыз болған. Полицейлер мен мұғалімдер жедел әрекет етіп, күдіктіні қолға түсірді. «Осы оқиға бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Қыздардың денсаулығына еш қауіп келмеген. Күдікті қамауда. Сондай-ақ тексеру кезінде ер азаматтың 2002 жылдан бастап психоневрологиялық диспансерде есепте тұратындығы анықталды», — делінген хабарламада. Атап өтсек, аталмыш мектепте бейнебақылау камералары ғимараттың ішінде, аулада, дәретхананың жанында және мектепке кіреберісте орнатылған.

ҚазАқпарат

13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі