jasqazaq.kz

Мектеп бухгалтері 17 миллион теңге жымқырған

05 маусым 2020, 11:12

Атырау облысы Жылыой ауданындағы № 9 орта мектептің бас бухгалтері бюджет қаржысын жымқырғаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы ҚМ Қаржылық мониторинг комитетінің баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді.

Қылмыстық іс тергелді. Комитет мәліметінше, әйелге 17 миллион теңгеден астам бюджет қаржысын жымқырды деген айып тағылған. Бұл ақша білім беру мекемесінің қажеттілігіне бөлінген екен.

«Жылыой аудандық соты мектептің бас бухгалтерін кінәлі деп үкім шығарды. Қылмыстық кодекстің 4-бөлігі 189-бабы 2-тармағына сәйкес («Бөтеннің мүлкін иемдену немесе жұмсау») айып тағылды. Ол алты жыл бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ осыншауақыт мемлекеттік мекемелерде жауапты қызмет атқара алмайды», — делінген ҚМК хабарламасында.

Сот тергеуі кезінде келтірілген шығынның 4 миллион теңгесі мемлекетке қайтарылды.

Tengrinews.kz

09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде