jasqazaq.kz

Мектеп басшылығының кабинеті 32 шаршы метр болуы керек

15 ақпан 2019, 12:44

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Жаңа формат» акциясын бастады.
Негізгі мақсат — бастықтардың кабинеттерін оңтайландырып, бюджет шығындарын барынша қысқарту. Акцияның алғашқы кезеңінде мектеп директорларының кабинеттері тексерілді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Астана қалалық департаментінің басшысы Жазира Жылқышиеваның айтуынша, бүгінде көптеген басшылардың кабинеттері тым үлкен. Оған қоса, жоғары қабаттарда орналасқан. Соның салдарынан xалықпен жақын байланыс жоқ. Осыған байланысты «Жаңа формат» акциясы қолға алынып, алғашқы кезеңде мектеп директорларының кабинеттері тексерілді. «Мысалы, 90 шаршы метрді құрайтын қабылдау, тынығу және қонақтармен кездесу бөлмелері бар. Оған қоса, есеп-қисап пен кадр бөлімдерінің кең кабинеттері кездесті. Негізі, заң бойынша мектеп басшылығының кабинеті 32 шаршы метр болуы керек. Ал қабылдау бөлімі 12 шаршы метрде орналасуы шарт. Астана мектептерінде аталған нормалар сақтамайды. Мәселен, 54-ші мектеп-лицейде директор 90 шаршы метрді қамтитын жұмыс, демалыс және қабылдау бөлімдерін босатып берді. Қазір ол жерде мұғалімдерге арналған жұмыс бөлмесі орналасты. Директордың жаңа кабинеті 13 шаршы метр болды. Сол сияқты 17-ші мектеп-директорының кабинетін 40 шаршы метр болса, қазір ол бірінші қабатқа ауыстырылды. Бұрынғы кабинетте оқушылар робототеxника және шығармашылық шыңдау бойынша білім алуда», — деді Ж.Жылқышиева. Оның сөзіне қарағанда, 80-ші мектеп-гимназиясының директоры да жаңа акцияны қолдады. Ол 53 шаршы метрді босатып берді. Қазір ол жерде қосымша сабақтар өтіп жатыр. 71-ші мектеп-лицей де солай. Директоры 50 шаршы метрді босатып, бірінші қабатқа көшті. «Бүгінде аталған мектептердің басшылығы астында отырып, бәрін көріп отырады. Оқушылардың кіргенін-шыққанын және басқа да жағдайларды бақылауға мүмкіндік бар. Халыққа жақын болу деген осы. «Осыны өздеріңіз ойламадыңыз ба?» деп сұрасақ, жоқ дейді», — деп атап көрсетті Ж.Жылқышиева.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде