jasqazaq.kz

Мектеп автобусы контейнерге соғылып, 5 бала ауруханаға түсті

25 ақпан 2020, 19:43

Ақмола облысында мектеп автобусы контейнерге соғылып, 5 бала ауруханаға түсті.Бұл туралы  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Оқиға бүгін таңғы сағат 07:30-дар шамасында Целиноград ауданы, Қараөткел ауылында болды.

«Setra» мектеп автобусын Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны жүргізген. Ол бала толы көлікпен ауыл іргесіндегі көшелердің бірінде тұрған контейнерді соққан. Салдарынан Нұр-Сұлтанның №2 қалалық ауруханасына түрлі жарақаттармен №69 мектептің 5 оқушысы жеткізілді. Қаза болғандар жоқ.

«Балаларға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, олар үйлеріне жіберілді. 62 жастағы автобус жүргізушісі ӘҚК-нің 610-бабы бойынша жауапқа тартылды», — делінген мәліметте.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия