jasqazaq.kz

Мектеп асханасында балалар астан уланды

19 мамыр 2018, 13:26

2018 жылдың 18 мамыры күні Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылындағы №192 орта мектептің 25 оқушысы жаппай тамақтан уланды. Олардың денсаулығына төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ.

Бұл жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Эпидемиологиялық тексеру жаппай улануға тамаққа қосылған қарақұмық және жұмыртқаның себеп болғанын көрсетті. Тамақты ішкен балалар 2-3 сағаттан соң-ақ, ауру белгілерімен Келінтөбе ауылдық дәрігерлік амбулаторияға медициналық көмекке жүгінген. Оларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді. Орталық аудандық ауруханаға 4 бала жеткізілді. Сол сәттегі балалардың жағдайы орташа деңгейде болған, жүрек айнып, іштері өткен. «Бүгінгі таңда, 21 баланың жағдайы қанағаттанарлық, олар үйлерінде медициналық бақылауда. Ауру ошағы болған жерде зерттеу жүргізілуде, азық-түліктер тексерілуде, қоршаған ортадан бактериологиялық қалдықтар, асханадан бактериологиялық жұғынды алынуда», — дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова. Әзірше оларға алдын ала сальмонелла тудырған тағамдық таксоинфекция диагнозы қойылды.

ҚазАқпарат

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді