ОПЕК+

Мұнайды экспортаушы елдер ұйымы (OPEC) мен оған кірмейтін елдер энергетика министрлерінің «қара алтын» көлемін азайтуды көздейтін мәмілесі Мексиканың шешіміне тіреліп тұр.
Кеше OPEC+ Тобына кіретін елдердің өкілдері күнделікті өндіріс көлемін 10 млн баррельге азайту жөнінде келісімге келіп қалып еді.
Тек Мексика энергетика министрі Росио Нале ханым өз елінің алдағы екі ай бойы 100 мың баррельге ғана азайта алатынын мәлімдеп, телеконференцияның аяқталуын күтпей кетіп қалды.
OPEC+ жиынына қатысушылар Мексикаға өндірісті сатылай, яғни үш кезеңде (400-320-240 мың баррель) азайтуды ұсынып еді. Ал Мексика күнделікті өндіріс көлемін 1 млн 681 мың баррельден төмен түсіргісі жоқ.
Мұнай өндіруші елдер ортақ мәмілеге келе ала ма? Бұл сұрақтың жауабы бүгін кешқұрым белгілі болады.
Айта кеткен жөн, біздің еліміз мұнай көлемін азайтуды көздейтін келісімді қолдайтынын мәлімдеді.
Jas Qazaq — Analysis