jasqazaq.kz

Мейрамханалар жұмыс уақыты қысқаруына қарамастан той өткізген

18 қараша 2020, 11:24


Алматының мониторингілік топтары бір түнде карантин шарасын бұзған 6 нысанды анықтады.
17 қарашада Алматы қаласы бойынша мониторинг топтары карантиндік шаралардың сақталуын бақылау мақсатында 27 нысанға тексеру жүргізді. Ережені бұзған 6 нысан анықталды. Алмалы ауданының мониторингілік тобы Сейфуллин даңғылы 483 мекенжайындағы «Мега Парк» сауда орталығында корей мейрамханасының 22.00-ден кейін жұмыс істегенін анықтады. Бостандық ауданында заң бұзған төрт нысан анықталды: — Мұстафин көшесі 56/1 мекенжайы бойынша «CTR Chiken Алматы» тез тамақтану дәмханасы — 22.00 кейін жұмыс режимінің бұзылуы; — Мұстафин көшесі 56/8 мекенжайы бойынша «Red Dragon» фастфуд өнімдерінің дүкендері мен дүңгіршектер желісі — 22.00 кейін жұмыс режимінің бұзылуы; — Мұстафин көшесі 56/2 мекенжайы бойынша «Салам бро» тез тамақтанудың дәмханалар және дүңгіршектер желісі — 22.00 кейін жұмыс режимінің бұзылуы; — Наурызбай батыр көшесі 125 мекенжайы бойынша «Playstation» ойын клубы — нысан тыйым салынғанына қарамастан қызмет еткен. Медеу ауданында «Достық даңғылы, 87а» мекенжайындағы «Venezia» мейрамханасында сағат 22.00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы анықталды. Заңды тұлғаларға қатысты анықталған бұзушылықтар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес шаралар қабылданатын болады. Әкімдік алматылықтарды және қала қонақтарын мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе мегаполистің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысын бұзып, қызметін жалғастырып келе жатқан мекемелерге барудан аулақ болуға шақырады.

 ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде