jasqazaq.kz

Мейрамханада тамағын тауыспағандарға айыппұл салынады

12 тамыз 2019, 14:30


Мейрамханаға келушілер швед үстелінен қалаған тамағын ала алады. Алайда  алған тамағын тауыспаған жағдайда, айыппұл төлейді.
Чехияның Добромержице қаласындағы мейрамхана осы күнге дейін «қалағаныңша алып же» принципі бойынша жұмыс істеп келген. Енді мейрамхана ішіндегі ережелерге өзгеріс енгізіліп, алған тамағын қалдырып кетіп, салғырттық танытқан келушілерге айыппұл салына бастады.

«Мейрамханадағы швед үстелі тек түскі ас кезінде жұмыс істейді. Ұсынылатын тағамдардың ішінде, еттен жасалатын тағамдар және гарнирдің әр түрі бар. Мейрамханаға кіру үшін келушілер 97 крон төлеп, қалаған тамағын алып жей береді. Тамақтанып болғаннан кейін, тәрелкені асханаға апарып көрсету керек. Егер ыдыста желінбеген тамақ қалса, мейрамхана қонағы 50 крон төлеуге мәжбүр болады», — делінген хабарламада.

Мейрамхана ережесіндегі өзгеріс туралы ақпарат кіреберісте және мейрамхана ішінде ілінген.

Чехияның сауда инспекциясы мейрамханадағы мұндай практикадан ешқандай заңға қарсы әрекет таппады.    «Егер мейрамхана клиенті түскі асын тауыспағаны үшін айыппұл төлеуден бас тартса, мейрамхана тарапы оны сотқа бере алады», — деп атап өтті жергілікті инспекция.

BAQ.KZ

 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда