jasqazaq.kz

Мейрамбек Бесбаев бала күнгі ғашығы туралы айтып берді

02 қараша 2017, 16:05

Мейрамбек Бесбаев “Хабар” арнасының “Тікелей эфир” бағдарламасына қатысып, шығармашылық жаңалықтарымен бөлісті. Өткенге шолу жасаған әнші өзін актерлік қырынан танытқан алғашқы фильмді еске алды.

Оған себеп – эфирге хабарласқан көрерменнің бірі “Алғашқы махаббат” фильмінде басты рөлді сомдаған актриса жайлы сұрады. Мейрамбек Бесбаев кино әлеміне бірге қадам басқан актрисамен ара-қатынасы жайлы әңгімеледі, деп хабарлайды Stan.kz.

“Ол фильм 1991 жылы шыққан. Ол кезде мен 15 жасар баламын. Ол Назира Бақаева деген актриса қызымыз, менен 3 жас үлкен. Өкінішке қарай, сол кинодан кейін көрген жоқпын. Студент болдық, есейдік. Әркім әртүрлі өзінің өмірлік жолымен кетті. Мүлдем кездескен жоқпыз. Бірақ бір рет іздеп көрдім. Өйткені клип түсіргім келді, бала кездегі бейнені алып, Туғанбайдың рөлінде ойнаған Есдәулеттерді тауып жасағым келіп еді. Таба алмадым, өкінішке қарай. Бірақ қазір Instagram деген әдемі дүние бар, сол арқылы Назираны тауып алдым. Қазір бір-бірімізді оқимыз, бірақ әлі кездескен жоқпыз. Оның жарын да танимын, сіздер де өте жақсы білесіздер. Ол бізге белгілі кинорежиссер – Ақан Сатаев”, – деп ағынан жарылды Мейрамбек.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде