jasqazaq.kz

Мейрамбек Бесбаев: Ажырасқан ата-аналар құдайдың алдында жауап береді

07 қыркүйек 2020, 12:31

Мейрамбек Бесбаев пен Тоқтар Серіков, Жанар Айжановамен бірге өткен шақты еске алысты. Қоғамдағы ер мен әйелдің мәселесі, ажырасқан отбасылар жайлы ойын айтты. Қазіргі кездегі балаға ат қою мәселесі туралы сөз қозғады.

Қазір ер мен әйелдің ажырасуы, өз күйеуінен зорлық-зомбылық көрген әйелдер жайы өзекті. Бұған екі әншінің көзқарасы қалай?

«Менің әкем ешқашан анама қол көтеріп көрген емес. Анам 80 жастан асты. Әкем екеуі бақытты өмір кешті. Мен әйеліме қол көтеріп көрген емеспін. Жалпы әйелдерін ұратын еркектерді түсінбеймін. Қалай батылы барады? Әйел деген нәзік жаратылыс емес пе? Жақын күндері бір оқиға көрдім. Сценарий бойынша түсірілген. Ата-анасы ажырасып жатыр. Ортада бала отыр. Оның алдында сот төрешісі отыр. Баладан кіммен қалғысы келетінін сұрайды. Егер ауызша айта алмасаң, қағазға жаз дейді. Бала анасына қарайды. Сол күнге дейін қалай өсіргенін, еркелеткенін еске алады. Әкесіне қарайды. Арқаланып жүргенін, әкем бар деп өскен күндерін, үйреткен істерін еске алады. Отырып алып жылайды. Қағазға «екеуімен де қалам. Екеуі ажыраспасыншы» деп жазады. Бұл деген қазіргі трагедия. Не үшін бала зардап шегуі керек? Бала үшін ата-ана жауапты. Баланың болашағына ешкім алаңдамайтын болған», — деді ол.

«Бұл үшін қалай болса да, ешкім жауапкершіліктен құтылмайды. Барлық ата-ана, ер болсын әйел болсын құдайдың алдында жауап береді», — деді Мейрамбек.

Жанар Айжанова қазіргі балалардың ата-әже мектебін көрмей өсіп жатқанын айтты. Одан бөлек қаланың адамдары сүттің қайдан келетінін білмейді деген дейді. Ал, жастар арасында балаға заманауи, шетелше есім қою сәнге айналған.

«Бірде бағдарама түсірілімінде жүрміз. Сиыр сауу кадры болды. Сонда бағдарламадағы қыздар өгізді сауайын деп жүр. Бұқадан да, сиырдан да сүт шыға береді деп ойлайды екен. Бір күні әнші жігіттермен кездестім. Қызылордадан шыққан екен. Тұрмағамбеттің ұрпағынан екенсіңдер ғой деп мақтадым. Сөйтсем кетерде менен «Тұрмағамбеттің телефон нөмірін бересіз бе деп тұр. Сосын ашуланып Тараздан Сүйінбайдан сұраңдар. Бір болса, сол кісіде бар нөмірі деп жібердім», — деді Жанар ханым.

Бұл көріністің бәрі қазіргі қоғамның трагедиясы, күлетін емес, жылайтын жағдай деді Мейрамбек. Жанар Айжанова не үшін өз балаларының есімін арабша не шетелше емес, қазақшалап қоймасқа деген пікір айтты.

Тоқтар Серіков 4 ұлының есімін қазақшалап қойғанын айтты.

«Қызымның есімін Кәусәр деп әжесі қойды. Ұлымның есімін Абулхайыр деп діндар ағамыз қойды. Біз енді келесі баламыздың есімін қоя жатармыз», — деді Мейрамбек.

stan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде