jasqazaq.kz

Мейіржан Төребаев бастаған танымал вайнерлер қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінді

10 ақпан 2022, 12:24

Отандық танымал блогерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінді. Алматының тергеу соты оларға кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған, деп жазады NUR.KZ.

«Тергеу соты азаматтар Т. және Ш.-ға қатысты 1000 АЕК көлемінде кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты қанағаттандырды», — деп мәлімдеді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, вайнер Азизжан Саидбаевқа қатысты да сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау жөнінде шағым келіп түскен.

«Бұл өтінішхат қанағаттандырылды. С. есімді азаматқа қатысты күдіктінің өзі болмаған жағдайда 2 ай мерзімге сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», — деді сот өкілдері.

Аталған азаматтар ҚР ҚК 217-бабы 3-тармағы 2-бөлімі (Қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару) бойынша күдіктеліп отыр.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық