jasqazaq.kz

Мейіржан Төребаев: Айыптау актісімен мүлдем келіспеймін

22 желтоқсан 2022, 10:56

Танымал вайнерлер Мейіржан Төрбаев пен Мейірхан Шерниязов сот алдында жауап беріп жатыр. Бүгін Алматыда «Астекс», «Мудараба капитал» қаржы пирамидаларын құрғандарға қатысты алғашқы сот тыңдалымы өтті. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Айыпталушы орындығында 11 адам. Ал тағы бір күдікті Әзімжан Саидбаев шетел асып үлгерген. Танымал вайнер қазір халықаралық іздеуде. Онлайн өткен сотта айыпталушылар мен олардың адвокаттары салымшыларды сан соқтырған басты күдіктілер ағайынды Алмас пен Шыңғыс Құрманғалиевтердің бостандықта жүргеніне наразы. Әрі Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың адвокаттары судьядан қылмыстық істің қайта тергелуін сұрады. Себебі, айыптау актісінде нақты дәлел-дәйектер келтірілмеген дейді олар. Сондықтан қорғауындағы әзілкештерге бұлтартпау шарасын өзгертіп, тергеу изоляторынан үйқамаққа жіберуді сұрап отыр. Бірақ судья бұл уәжбен келіскен жоқ. Тергеу мәліметінше, осы қаржы пирамидалары мен ұйымдасқан қылмыстық топ құрғандар екі жүзге жуық адамды алдап соққан. Келтірген шығын 5 миллиард теңгеден асады.

Мейіржан Төребаев, айыпталушы:

— Біз судьяға істі қайтадан прокурорға жіберуді сұраймыз. Тергеушілер тарапынан жіберілген қателік көп. Менің қылмысқа қатысым жоқ екені айдан анық. Оған келтірген дәлелдәйектеріміз бердік. Бірақ неге екені белгісіз, істе оны тіркемеген. Түсініксіз жайттар жетіп артылады. Қаржы пирмадиасын құрғандарға қатысым жоқ. Айыптау актісімен мүлдем келіспеймін.

15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка