jasqazaq.kz

«Медициналық пойыз» әлеуметтік жобасы аясында 40 мыңнан астам ауыл тұрғынына көмек көрсетілді

20 желтоқсан 2018, 19:05

Биыл осы жоба шеңберінде 67 мың диагностикалық жұмыс жүргізілді. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында «Samruk – Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Дияс Әзбергенов хабарлады.

«Пойыз 17 мың км жолды жүріп өтті. Жол бойында дәрігерлер 127 бекеттің 41 мыңнан астам тұрғынын тексеруден өткізді. Жалпы ақ халаттылардың көмегіне жүгінгендер саны 192 мың адам. Сондай-ақ 3 мыңнан астам кіші-гірім түрлі оталар (операция) жасалды,» — дейді Қор басшысы.

Оның мәліметінше, «Медициналық пойыздар» жобасы барысында аймақтарда ең көп таралған сырқаттардың алғашқы бестігі анықталды: артериалды гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, созылмалы бронхит, эндемиялық зоб.

Сонымен қатар, «Денсаулық» пойызының медициналық бригадасы бірнеше адамның өміріне төнген қауіпті анықтап, дер кезінде диагноз қойды. Бригаданың бас дәрігері Арзыгүл Кенжеевтің айтуынша, аймақ тұрғындары арасында туберкулез, жүрек-қан тамырлары аурулары, ісік аурулары сияқты қатерлі сырқаттарға шалдыққандар аз емес.

Айта кету керек, медициналық бригада құрамында терапевт, стоматолог, окулист, маммолог және өзге де мамандар бар. Жобаның басынан аяғына дейін 10 медициналық бригада кезектесіп жұмыс істеді.

Еске сала кетейік, 2018 жылы «Самұрық – Қазына» жаңа қайырымдылық саясатын енгізіп, маңызды бағыттарды жаңартты. «Медициналық пойыздар» жобасы «адамдар мен қоғамдастықтарға әлеуметтік, медициналық салада көмек» бағыты бойынша жүзеге асырылды. Жоба мақсаты – шалғай елді-мекендер тұрғындарына медициналық жәрдем жасау.

Жоба жұмысына екі денсаулық пойызы тартылды: «Денсаулық» және «Саламатты Қазақстан». Олар еліміздің 9 өңірін: Алматы, Түркістан, Қарағанды, Павлодар, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарын қамтыды.

Медициналық пойыздар құрамына 300-ге жуық кәсіпорын кіретін «Самұрық — Қазына» АҚ компаниялар тобының мекемелері бар өңірлерді аралады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде