jasqazaq.kz

Медициналық қалдықтарды далада өртегендер жауапқа тартылды

27 тамыз 2019, 12:28

Шымкент қаласында медициналық қалдықтарды далада өртеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Шымкент қалалық Экология департаменті рұқсат етілмеген жерде медициналық қалдықтарды өртеу фактісі бойынша «Эколайф Астана» ЖШС-ға қатысты ҚР экологиялық заңнама талаптарының сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесі бойынша «Эколайф Астана» ЖШС бұрынғы асфальт зауыты мен Жібек жолы көшесі 66/9 мекен жайдағы өнеркәсіп аймағы аумағындағы ашық жерде медициналық қалдықтарды рұқсатсыз өртеу фактісі бойынша ҚР Әкімшілік бұзушылық кодексінің 328 және 332-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деп жазды ол. Оның атап өтуінше, Түркістан облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мен Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасына «Эколайф Астана» ЖШС-нің мемлекеттік келісімшарт талаптарын сақтау міндеттемесін орындамағандығы туралы хат жіберілген. «Мемлекеттік сатып алулар туралы заң талаптарына сәйкес тапсырыс беруші тарапынан Сарыағаш ауданы мен Түркістан қаласы бойынша мемлекеттік келісімшартты тоқтату туралы хабарлама жіберілді. Бұған қоса, аталған факті бойынша Шымкент қаласы Абай аудандық ішкі істер бөлімі тарапынан қылмыстық іс қозғалды», — деді Самал Ибраева.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде