jasqazaq.kz

Медициналық анықтаманың үштен бірі жалған болып шықты

28 ақпан 2019, 11:44

Қызылорда облысында тексерілген №086 медициналық анықтамалардың үштен бірі жалған болып шыққан. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Қызылорда облысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері ашық талқылауға түсті. Басқосуда аса бір қажеттілікті тудырмайтын, бірақ көптеген жағдайларда талап етілетін анықтамалар жайы да сөз болды. «Қазіргі таңда тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында құрылған «Ақмешіт — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі арқылы мекенжай, №083, №086 медициналық және өзге де кейбір анықтамаларға талдау жүргізіліп келеді. Нәтижесінде кейбір анықтамаларды қолданыстан алу жөнінде ұсыныс беру жоспарланып отыр. Көп жағдайда бұл құжаттар белгілі бір шешім қабылдауға ешқандай әсер етпейді», — деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Абзал Мұхимов. 2017 жылы Қызылорда облысы бойынша денсаулық сақтау ұйымдары 11 450 №086/е үлгісіндегі медициналық анықтама берген. Бұл көрсеткіш былтыр 2,5 есеге артып кеткен. Олардың саны 28 529-ға жеткен. «Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірге мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде зерттелген 164 дана №086/е медициналық анықтаманың 53-інің шынайлығы күмән тудырды. Аталған дерек бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін ішкі істер органдарына жолданды. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде», — деді департамент басшысы Абзал Мұхимов. Одан бөлек осы бағытта интернет сайттар мен әлеуметтік желілердегі хабарландыруларға мониторинг жүргізілді. Онда санитарлық медициналық кітапшаны, құжаттарды дайындап беретінін айтқан хабарландырулар кездескен. Сол бойынша «Жасырын сатып алушы» әдісімен жалған санитарлық кітапшаны әзірлеу дерегі анықталды. Ол бойынша тиісті құжаттар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда