jasqazaq.kz

Медицина қызметкерлері басы жарылған баланы далада қалдырған

21 қантар 2021, 13:57

Алматыда жедел жәрдем қызметкерлері басы жарылған баланы далада қалдырып кеткен. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне анасы шағымданған.

Facebook қолданушысы 14 жастағы ұлының Горький атындағы паркте сырғанап жүріп құлап қалғанын жазды.

«Бала паркке досымен барған. Қатты соққыдан бала есінен танып қалған», — деді ол.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем бала мен оның досын 12 қалалық ауруханаға алып кеткен. Ауруханада жедел жәрдем қызметкерлері баланың телефонынан ЖСН нөмірін алып аурухананың ауласында қалдырып кеткен.

«Досының айтуынша, оларды аурухана қабылдамаған. Себебі, баланың жасы 15-ке толмаған. Фельдшер оларға балалар ауруханасына баруға кеңес берген. Осылайша басы жарылған кәмелетке толмаған баланы көшеде қалдырып кеткен», — деді анасы.

Балалардың қалтасында артық қаражат болмаған. Олар үйіне жаяу жеткен.

«Үйге келген соң жедел жәрдем шақырдым. Олар келіп баланы №1 балалар стационарына алып кетті. Сол жерде жарақатын тігіп, ауруханаға жатқызды», — деді анасы. Осы мәселеге байланысты баланың анасы полицияға шағымданған. Қалалық Жедел жәрдем стансасының баспасөз қызметінде бұл ақпаратты растады.

«Бұл дерек бойынша барлық дерек жинақталды. Бүгінде фельдшерге қатысты тәртіптік кеңес өткізілді. Фельдшер 2 жыл жұмыс істеп жатыр. Мінез құлқы сабырлы. Өз айыбын мойындады. Комиссия шешіміне сәйкес тәртіптік шара қолданылды», — деді жедел жәрдем қызметінен.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде