jasqazaq.kz

Медиация – дауды бейбіт шешудің жолы

23 қыркүйек 2017, 17:16

Облыстық әділет департаменті «Медиацияны дамыту орталығы» қоғамдық бірлестігі өкілдерімен және бірқатар мемлекеттік мекеме мамандарымен бірлесіп, «Медиация – әлеуметтік, еңбек, отбасына қатысты жанжалдарды реттеу мен алдын алу құралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Отбасына, еңбек қатынастарына және басқа да әлеуметтік мәселелерге қатысты ұсақ-түйек дауларды сотқа жеткізбей, екі тараптың өзара келісімге келуі арқылы шешуге жағдай жасайтын медиациялық институт біраз жылдан бері жұмыс істеп келе жатса да, адамдардың көбі әлі күнге дейін дауларды үйреншікті әдетпен сот арқылы шешуге ынталы болып отыр. Мұның негізгі себебі, адамдардың медиация арқылы дауларды шешудің тиімділігін дұрыс білмеуінен, тіпті, осындай араағайындық институттың барлығынан бейхабарлығынан болып отырғандығы жасырын емес. Осы орайда, әділет департаментінің ұйытқысымен ұйымдастырылған бұл шара жұртшылықтың назарын медиация арқылы жанжалдарды шешудің тиімділігіне және көп әуре-сарсаңсыз екі тараптың мүддесіне орай шешілетіндігіне аудару мақсатында ұйымдастырылған еді. Іс-шара барысында оған қатысқан мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері медиаторлардың қатысуымен шешілетін дауларға қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.
Дөңгелек үстел соңында облыстық әділет департаменті, адвокаттар алқасы, нотариалдық палата және «Медиацияны дамыту орталығы» қоғамдық бірлестігі өзара ынтымақтаса жұмыс істеу жөніндегі меморандумға қол қойды.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде