jasqazaq.kz

«Медеу» мұз айдынында қалта ұрлығын жасаған адам анықталды

10 желтоқсан 2018, 16:29

Полиция «Медеу» мұз айдынында қалта ұрлығын жасаған адамды бейнебақылау көмегімен анықтады. Бұл туралы Today.kz Алматы полициясы Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Полицияның мәліметінше, қаскөйлердің біреуі анықталды, ол – 31 жастағы ер адам. Тергеуге байланысты ол туралы басқа ақпарат айтылмады.

«Қазір оны ұстауға бағытталған кешенді оперативті арнайы шаралар жүргізіліп жатыр. Ол бұрын осындай қылмысы үшін сотталған қалта ұрысы, сондықтан оның кім екенін анықтау қиынға соқпады. Ол міндетті түрде ұсталады. Бәрі уақыттың еншісінде», – деді Алматы полиция Департаментінің басшысы Салтанат Әзірбек.

Полиция «Медеудегі» бейнебақылауға түсіп қалған бір топ ұрының аты-жөндерін анықтап жатыр.

Естеріңізге салайық, «Медеу» мұз айдынында қалта ұрысы пайда болғанын «Шымбұлақ» тау-шаңғысы шипажайының директоры Ержан Еркінбаев хабарлады. Ол әлеуметтік желіге ұрының әрекеті бейнеленген бірнеше видео жүктеді.

«Қауіпсіздік қызметі не үшін ұстамады?» деген сұраққа Еркінбаев мұз айдынында 300 камера жұмыс істейтінін, әрқайсысын бақылау мүмкін еместігін айтып жауап берді.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді