jasqazaq.kz

Медбике ретінде тіркеп, ақшасын өзі алып отырған

22 қазан 2021, 15:20

Шығыс Қазақстан облысындағы Шар қаласында аурухана бас дәрігерінің орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол коронавирус індетімен күрес кезінде бюджеттен ақша жымқырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Лауазымды тұлға ауруханаға медбике ретінде қызметкерді тіркеп, тұрақты түрде еңбекақы алып келген. Қазына қаржысын ұрлаған дәрігердің әрекетін сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі облыстық департамент қызметкерлері әшкереледі.

Лауазым иесі шамамен 2,5 миллион теңге алып үлгерген. Қазір жемқорлық іске ауруханадаға басқа қызметкерлердің қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.

“Осы ауруханадағы медбике ретінде адамды орналастырған. Яғни бұл адам жұмыс жасаған жоқ. Бірақ оған ай сайынғы төлемақы төленіп отырған. Сонымен қатар ковидпен күрес жөнінде комиссия шешімі негізінде бұл кісіге қанша төлем төленіп отырған. Сол себепті қазіргі таңда қылмыстық іс сотқа жолданды”, – дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары Жігер Байделдин.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр