
Жаңадан сайланған депутаттар Гауһар Нұғманова мен Махаррам Махаррамов Әлеуметтік-мәдени даму комитеті мен Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің құрамына енді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Жәмилә Нұрманбетова:
Келіп түскен өтінішке байланысты депутаттың комитетке берген мәлімдемесін қолдауыңызды сұраймын. Гауһар Нұғманованың әлеуметтік жұмыста тәжірибесі мол.
Өз кезегінде Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов Махаррам Махаррамовтың тиісті комитет құрамына кіруге өтініш білдіргенін қосты.
Арман Қожахметов Махаррам Махаррамовтың қоғам қайраткері, заңгер екенін айтып, 6-шақырылымдағы Халық партиясының депутаты болғанын еске салды.
Жаңа мәжілісмендердің мәлімдемесін жиналған 104 депутат қолдады.
Бұған дейін Мәжіліс депутаттары Зульфия Сүлейменова мен Владимир Тоқтасыновтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқаны хабарланған еді.