jasqazaq.kz

Мәжілісмендер: Кәсіпкерлікке онлайн төлемінен салық өндіру — қиянат

03 наурыз 2021, 21:30

Аударым арқылы төлемдерден салық өндіру ұсынысын депутаттар тағы да сынап тастады. Пандемиядан титықтап қалған шағын және орта кәсіпкерлікке онлайн төлемінен салық өндіру – қиянатпен тең дейді мәжілісмендер. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Қаржы министрлігіне жолдаған сауалда депутаттар аударымдардан салық өндірудің еш қисынсыз екенін алға тартқан. Айтуларынша, бұл норманың салқыны онсыз да еш кешіктірмей салық төлеп жүрген адал кәсіпкерлерге де тиюі мүмкін. Депутаттар қарапайым азаматтардың мүддесі тапталып жатқанын да көтерді. Мәселен, 2019 жылы жеке тұлғаларға 700 миллион теңге негізсіз салық салынған. Үкімет бюджет қаржысын еселеп жүрген шағын кәсіпкерлерді қысқанша, офшорлардағы мемлекет қаржысын елге қайтару жағымен айналысу керек дейді мәжілісмендер.

Мақсат Раманқұлов, Мәжіліс депутаты:

— Қоғамдық тәжірибеге үңілетін болсақ, қарапайым азаматтар мен кәсіпкерлер шенеуніктердің сауатты жұмысына күмәнмен қарайды. Оның үстіне кез келген онлайн аударымның ата-анасының баласына немесе белгілі бір кәсіпкерге жасалғанын ажырату жағы дұрыс ұйымдастырылатынына сенім жоқ. Осы тұста былық болатыны анық.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия