jasqazaq.kz

Мәжіліс жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

14 желтоқсан 2022, 14:05

ҚР парламенті мәжілісінің пленарлық отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжаттарды депутаттарға таныстырған Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев заң жобасын әзірлеу кезінде жеке тұлғалардың банкроттық институты қалыптасқан елдердің тәжірибесі зерделенгенін айтты.

Осылайша, ол халықаралық тәжірибені ескере отырып, рәсімдердің үш түрін енгізу ұсынылып отырғанын атап өтті. Барлық үш рәсімді тек борышкер ғана бастайды, яғни несие берушінің борышкерге қатысты бұл процедураларды қолдануға құқығы жоқ.

Ерұлан Жамаубаев:

«Бірінші процедура – соттан тыс банкроттық. Ол банктер, микроқаржы ұйымдары мен инкассаторлар алдындағы берешегі 4,9 миллион теңгеден (1600 АЕК) аспайтын, ресми кірісі жоқ немесе кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінен – 36018 теңгеден аспайтын азаматтарға қатысты қолданылады. Бұл ретте борышкердің мүлкі болмауға тиіс.

Соттан тыс банкроттықты тек қана банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолдануға болады.

Егер борышкер мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін болса:

борышкердің АЕК-тің 1600 еселенген мөлшерінен астам берешегі болса;
борышкер банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті реттеуді жүргізу жөнінде шаралар қабылдаса, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот банкроттығы рәсімдері қолданылады.

Ерұлан Жамаубаев:

Бұл ретте барлық міндеттемелерінің мөлшері (оның ішінде орындау мерзімі басталмаған) өзіне тиесілі мүліктің құнынан аспайтын борышкер төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы өтінішпен ғана сотқа жүгінуге құқылы.

Азамат төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын орындамаған жағдайда кредиторлар сот банкроттығын қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы, ал борышкердің өзі сот банкроттығын қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгінуге міндетті.

Борышкердің мүлкін өткізуден түскен қаражат кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға жұмсалады.

Сот банкроттығы рәсімі аяқталғаннан кейін сот қаржы басқарушысының қорытынды есебін бекітеді және қаржы басқарушысының қорытындысын ескере отырып, азаматты борыштардан босату туралы шешім қабылдайды.

Жұмыс тобына 200-ден астам ұсыныс келіп түсті, олар мүдделі министрліктер мен ведомстволар, сондай-ақ бірқатар үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының он төрт отырысында және Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында қаралды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде