jasqazaq.kz

Мәжіліс Мәдениет және спорт министрінің кандидатурасымен келісті

17 маусым 2019, 13:37

Бүгін Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы өтті. Депутаттар Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалатын Ақтоты Райымқұлованың кандидатурасын қолдады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Комитет отырысында қаралды. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша кандидатты Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырды. Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері А. Райымқұловаға бірқатар сұрақтар қойды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитеті отырысының қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ұсынған Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлованың кандидатурасы Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындау үшін ұсынылды. Отырыс соңында депутаттар кандидатқа алдағы жұмысында табыс тіледі.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық