jasqazaq.kz

Мәжіліс «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңға түзету енгізді

19 қантар 2022, 16:32

Парламент Мәжілісі «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңға түзетулер енгізіп, Сенатқа жолдады. Бұл жайында Мәжіліс депутаты Қанат Нұров мәлім етті.

«Мемлекет басшысының Парламенттегі соңғы сөйлеген сөзі шын мәнінде революциялық болды. Халық жеңіл тыныс алды. Енді Парламент пен Үкімет оның барлық негіздемелерін толық, шұғыл әрі нақты жүзеге асыруы тиіс. Ең алдымен Тұңғыш Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесіндегі өмір бойғы төрағалығын жою қажет болды. Бұл жайында ол өзі жария етті және бүгін біз іске асырдық», — деп жазды депутат Facebook-парақшасында.

Оның атап өтуінше, бүгін Мәжіліс тарихи шешім қабылдап, Конституциялық заңдарға өзгерістер енгізген.

«Сенатқа «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы», «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» және «ҚР Қауіпсіздік кеңесі туралы» Конституциялық заңдарға барлық қажетті түзетулер жөнелтілді. Ендігі уақытта ҚХА мен Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық заң бойынша, тұлғасы бойынша емес лауазымына байланысты ҚР Президентіне тиесілі болады», — деді Қанат Нұров.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр