jasqazaq.kz

Мәжіліс депутаты жұмыссыздарға бір триллион теңгені таратып беруді ұсынды

24 қыркүйек 2020, 16:25

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова «Жұмыспен қамту жол картасына» жұмсалатын 1 триллион теңгені жұмыссыздарға таратып беруді ұсынды.

Депутаттың айтуынша, Жұмыспен қамту жол картасына бір триллион теңге қарастырылған. Жол картасы аясында 255 мың адамды тұрақты және уақытша жұмысқа орналастыру жоспарланған. Сонда бір жұмыс орнын ашуға 4 миллион теңге жұмсалады. Ал ашылатын жұмыс орындарының дені – уақытша.

«Уақытша жұмыс орындары үшін мұндай баға тым жоғары деп ойламайсыз ба? Сыбайлас жемқорлық деңгейі мен мемлекет қаржысын жұмсау тиімділігін ескерсек, бұл ақшаны азаматтарға бағдарламасыз-ақ немесе жергілікті жобалар түрінде тікелей қолдау көрсетуге жұмсаған дұрыс болмай ма?!», — деген ұсыныс тастады Смирнова мәжілісте өткен үкімет сағатында.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жұмыспен қамту жол картасына 1 триллион теңге көзделгенін растады. Оның 300 миллиард теңгесі республикалық бюджеттен, ал 700 миллиарды жергілікті бюджеттен бағытталады.

«Сіз дұрыс айтасыз, есептеу кезінде бір жұмыс орнына 4 миллион теңгеден келеді. Бұл біздің қатаң талабымыз болатын. Қазір әкімдер мен жұмыс берушілер уақытша болса да, бір жұмыс орнын ашуға мұндай ақша өте аз деп санайды. Бірақ, біз осындай қатаң талап қойдық», — деді министр.

Ол «Еңбек» бағдарламасында да уақытша жұмыс орындары басым екенін айтты. Алайда, олардың құны төмен.

«Себебі жастар практикасына, әлеуметтік жұмыс орындары мен қоғамдық жұмыстарға бағытталатын қаражаттың бәрі тек жалақыға ғана жұмсалады. Мұндай жұмыс орындарын құру жылына әлдеқайда арзанға түседі, ең көбі жылына 600 мың теңгеге дейін», — деді Нұрымбетов.

Sputnik

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде