jasqazaq.kz

Мәжіліс депутаты футбол легионерлерінен бас тартуды ұсынды

23 қантар 2019, 16:08

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ахмед Мурадов Премьер-Министрдің атына жолдаған ресми сауалында легионер футболшылардан бас тартуды ұсынды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Дене тәрбиесі және спорт саласындағы өкілетті органдар жыл сайын легионерлер санын қысқарту саясатын жүргізіп келеді. Дегенмен, олардың санының азаятын түрі жоқ. Мәселен, Шымкенттің футбол клубтарында — 11, Алматыда — 10, Астанада — 9, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында 8-ден легионер бар», — деді Ахмед Мурадов. Мәжіліс депутатының деректеріне қарағанда, Қазақстанда футболмен айналысатын 600-ден астам адам бар. 46 футбол клубы жұмыс істесе, оның 12-сі жоғары лигада, 12-сі бірінші лигада және 21-і екінші лиганың қатарында. Аталған клубтарды қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады. Бұл ретте, қаржыландыру көлемі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мәліметтерінен іс жүзінде біршама төмен болып отыр. Бұған қоса, көптеген клубтардың спортшылар алдындағы қарызы да жеткілікті. Оның атап өтуінше, дене тәрбиесі және спорт саласындағы өкілетті органдар жыл сайын легионерлер санын қысқарту саясатын тұрақты негізде жүргізіп келеді. Алайда легионер футболшылардың саны азаймай отыр. «Жоғарыда айтылғандарды ескере келе бюджет қаражаты негізінен легионерлер мен шетелдік мамандарға шығындалады деп қорытынды жасауға болады», — деді Мәжіліс депутаты. Осыған орай Ахмед Мурадов футболға шетелдік легионерлерді әкелу тәжірибесінен бас тартуды, отандық кадрларды дайындау үшін ғана білікті мамандар шақыруды, сондай-ақ футбол командалары шығыстарының бірыңғай нормативін бекітуді ұсынды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық