jasqazaq.kz

Мәжіліс депутаттары зейнет жасын төмендетуді ұсынды

27 қантар 2021, 15:20


Мәжіліс депутаты Александр Милютин еңбек жағдайының қиындығына байланысты азаматтардың зейнетке шығу жасын 60-қа дейін төмендетуді ұсынып, Премьер-Министр Асқар Мәминге сауал жолдады.

Депутат қазіргі зейнетақы жүйесін түбегейлі өзгерту керек деп есептейтінін айтады.

«Қазақстандықтардың көбінде жалақы аз болғандықтан, зейнетақы жинағы да аз. Сондықтан біздің партия бұрын жақсы нәтиже көрсеткен зейнетақы жүйесіне оралуды ұсынады. Біздің басты ұсыныстарымыздың бірі — еңбек жағдайының қиындығына байланысты азаматтардың зейнетке шығу жасын қайта қарастыру. Азаматтың жынысына қарамастан зейнетке шығу жасын 60-қа дейін төмендету керек. Зейнетке шығу жасын кезең-кезеңмен ұлғайту мәселесін көтерудің мәні жоқ. Ең төмен базалық зейнетақы жыл сайынғы орташа жалақыға тең болуы керек. (…) Құқықтық зейнетақыны жыл сайын индекстеу номиналды инфляцияны ғана емес, сонымен бірге нақты тұтыну бағаларының өсу индексін, сондай-ақ жалақының өсу индексін де ескеруі керек», — деді Александр Милютин Мәжілістің жалпы отырысында.

Депутат Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтары төмендеп жатқанын атап өтті.

«Бес жыл ішінде алғаш рет БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтары төмендеуге көшті. 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша олар 11 триллион 405 миллиард теңге болды, ал 2020 жылғы 1 маусымға қарай 11 триллион 388 миллиард теңгеге дейін азайды, яғни 17 миллиард теңгеге қысқарды. Халықтың зейнетақы жүйесіне нашар қатысуы, жинақтардың өте төмен деңгейі болашаққа әлеуметтік қиындыққа әкеп соқты, ал енді бұл тәуекелдер одан әрі ушығып барады», — деді ол.

Айта кетейік, Мәжіліс депутаттары бұған дейін Қазақстанда ерлер мен әйелдердің зейнет жасын 60 жасқа дейін төмендетуді ұсынып, Премьер-Министр Асқар Мәминге сауал жолдаған еді. Бұған Үкімет басшысының баспасөз қызметіндегілер «Қазақстанда зейнет жасын ұзарту мәселесі қарастырылмайды» деген жауап берген болатын.

Tengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия