jasqazaq.kz

Мәжіліс депутаттары автобанға қарсы шықты

23 қантар 2019, 17:24

Қазақстанға цемент-бетонды төсемі бар жолдар қажет емес. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбектің атына сауал жолдаған Мәжіліс депутаты Кеңес Әбсатыров осындай мәселе көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еуропада бетонды төсем біршама жайлы болуы мүмкін. Алайда, күрт құрлықтық климаты бар Қазақстан үшін мұндай ерекшелігі бар жаңа жолдар көптеген адам өліміне әкеп соқтыратын жол-көлік апаттарына әкеледі. Бетонды төсемі бар жоғары жылдамдықты мұндай жолдардағы көктайғақ салдарынан Астана-Щучье, Астана-Қарағанды, Алматы-Қапшағай сынды жаңа автомобиль жолдарында көлік апаттары тұрақты орын алып отырады», — деді Әбсатыров. Оның атап өтуінше, мұндай автомагистральдарды күзгі-қысқы маусымда пайдаланудың елеулі кемшілігі анықталды. Мәселен, аяздың түсуімен бетонды төсем мұз айдынына айналады. Естеріңізге салсақ, осыдан бір жыл бұрын «Ақ жол» фракциясының депутаттары да бұл мәселені көтеріп, автомобиль жолдары стандартын қайта қарауды ұсынған еді. Депутаттардың сауалына жауап берген министрлік цемент-бетонды төсемнің көктемгі-күзгі және қысқы маусымдарда оңтүстікте де, солтүстік өңірде де проблема туындататынын мойындаған болатын. Бұл кемшілікті жою үшін жолдың тайқақтығын жоятын арнайы қоспа әзірлеу үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарының басталғанын да мәлімдеген-ді. Бірақ, содан бері бір жыл өтсе де мәселе сол күйінде қалып отыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде