jasqazaq.kz

Мәжіліс депутат Жайылғанованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

19 маусым 2019, 11:41

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалған Анар Жайылғанованың депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Мәжілістің жалпы отырысында сөз алған орталық сайлау комиссиясының мүшесі Бақыт Мелдешов заңнамаға сүйеніп, мәселе көтерді.

«ҚР орталық сайлау комиссиясы ҚР конституциясының 52-бабына, ҚР парламенті және оның депутаттары туралы мәртебесі туралы конституциялық заңы 24-бабының 2, 3, 8-тармақтарына сәйкес, ҚР президентінің Жайылғанованы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындау туралы 2019 жылғы 14 маусымдағы №16 жарлығы негізінде мәжіліс депутаты Анар Жайылғанованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіліп отыр», — деп айтты Мелдешов.

Депутаттар бірауыздан дауыс беріп, әріптестерін жаңа қызметте сәттілік тілеп шығарып салды.

«Парламенттегі жұмыстарыңыз үшін барлық депутат атынан алғыс айтамын. Барша әріптестеріміз сізді өте білікті заңгер, тәжірибелі маман ретінде жақсы біледі. Мәжілісте заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болдыңыз. Енді мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы лауазымына тағайындалдыңыз. Барлық депутаттың атынан жаңа жұмыста үлкен табыс тілейміз», — деді мәжіліс төрағасы.

Нығматулин әріптесіне депутаттар атынан алғыс хат табыстады. Содан кейін жаңа қызметке тағайындалған экс-депутат сөз алды.

«Біріншіден, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты ретінде сіздермен бірге жұмыс істегенім үшін Елбасыға шексіз алғыс білдіремін. Екіншіден, Нұрлан Зайруллаұлы, сізге көп рахмет. Сіздің басшылығыңыздың арқасында кереметтей заңдар қабылданып, іске асырылуда. Тәжірибеңіз бен мектебіңіз үшін ерекше алғыс айтамын. Үлкен аға буынға тәжірибелеріңізбен алмасқандарыңыз үшін, үйреткендеріңіз үшін шексіз алғысымды білдіргім келеді», — деді ол.

Stan.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда