jasqazaq.kz

Мажарстанда қазақ тілін үйреніп жүргендер саны өсіп келеді

06 сәуiр 2021, 14:09

Қазіргі таңда Мажарстанда Қазақстанның мың студенті білім алып жатыр. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлім етті.

«Екіжақты ынтымақтастықтың маңызды элементтерінің бірі білім саласы болып саналады. Қазақстан азаматтарына жыл сайын 250 грант бөлетіні үшін Мажарстанға алғысымызды білдіреміз. Қазіргі таңда Мажарстанда біздің мың студентіміз білім алуда. Мажар тілінде білім алуға қызығушылық танытатын студенттердің саны артып келеді. Мажар жоғары оқу орындарында қазақ тілін үйреніп жүрген мажар студенттеріне де ризамыз. Бұл жастардың келешекте елдерімізді байланыстыратын «жанды көпірге» айналатынына күмән жоқ», — деді М. Тілеуберді.

Министр Қазақстан-Мажар қарым-қатынастарының ауқымы бүгін талқыланған мәселелермен ғана шектелмейтініне сенім артты.

«Өткізген келіссөздеріміз өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға кең өріс ашады. Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийарто мырзаның ресми сапары екіжақты, көпжақты форматта Нұр-Сұлтан мен Будапешт арасындағы стратегиялық әріптестік қарым-қатынастарды нығайтуға қосымша серпін береді деп үміттенемін», — деді Мұхтар Тілеуберді.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия