jasqazaq.kz

Мажар жастары Абай әндерін шырқады (видео)

13 тамыз 2019, 10:23

Мажар жастары Будапештте қазақтың ұлы ақыны, философы Абайдың лирикалық әндерін шырқады. Бұл туралы Мажарстандағы ҚР Елшілігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. Будапешт қаласында қазақтың ұлы ақын Абайдың 174-жылдығына орай шара өткізілді. Іс-шара барысында қазақ диаспорасының өкілдері мен мажар студенттері Абайдың тақпақтарын, қара сөздерін оқып, өлеңдерін айтты. Соның ішінде мажар жастары шырқаған «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде» әндері әсерлі шықты.

https://www.facebook.com/Kazembhun/videos/1089016331488308/

«12 тамызда Будапешт қаласында, қазақ халқының ұлы ақыны, философы, ағартушысы және қоғам қайраткері Абайдың 174-жылдығына орай Мажарстандағы ҚР Елшілігі Абай ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімін өткізді. Іс-шараға Елшіліктің қызметкерлері және олардың жанұя мүшелері, қазақ диаспорасының өкілдері мен студенттер, сондай-ақ қазақ тілін оқитын және қазақ мәдениетімен қызығатын мажар студенттер қатысты», делінген елшіліктің Facebook-тегі парақшасында.

https://www.facebook.com/Kazembhun/videos/2342339452516827/

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда