jasqazaq.kz

Мәулен Әшімбаев Facebook-қа тіркелді

03 наурыз 2018, 15:34


«Нұр Отан» төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев әлеуметтік желіде жеке парақшасын ашты.

«Құрметті достар!Уақыт өткен сайын интернет пен әлеуметтік желілер өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналып келеді. Технологиялар да бір орында тұрмайды. Қоғамымыз да өзгеруде. Сондықтан біз де заманға сай өзгеріп, жетіле түсуге тиіспіз.

Жеке аккаунтымды ашу бұрыннан ойымда жүрген іс еді. Алайда, әртүрлі себептермен бұл бастама кейінге шегеріле берді.

Ал бүгінде партиямыз жаңғырудың жаңа биігіне бет түзеп, ауқымды жұмыстарды қолға алған шақта менің де Facebook-ке тіркелуім заңды құбылыс әрі дер кезінде жасалған қадам деп есептеймін. Себебі, бұл жерде әртүрлі идеялар көпшіліктің назарына ұсынылып, қызу талқыланатыны белгілі. Олардың арасында біздің саяси ұйым үшін де пайдалы болуы мүмкін өзекті ойлар айтылып жатады.

Сондықтан бізге де Facebook арқылы ең өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік туатынына сенемін. Егер Сіздің «Нұр Отанның» жұмысына қатысты сындарлы пікіріңіз, партия қызметін жаңғырту жөнінде нақты ұсыныстарыңыз және басқа да мәселелерге қатысты ойларыңыз болса оны әрдайым жеке хабарлама арқылы немесе m.ashimbayev@nurotan.kz электронды почтама хат ретінде жолдай аласыздар.

Өздеріңізден ұтымды ойлар мен парасатты пікірлер болатынына сенім білдіремін!

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық