jasqazaq.kz

Мәулен Әшімбаев: Бучадағы жағдай бойынша БҰҰ аясында тергеу жүргізу керек

07 сәуiр 2022, 12:48

Украина. Донецкая область. Мариуполь. Местные жители на одной из улиц, пострадавшей при обстреле. Вооруженные силы РФ проводят специальную военную операцию на Украине. Сергей Бобылев/ТАСС

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Украинаның Буча қаласындағы оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер палата спикерінен Украинаның Буча қаласындағы оқиғаға қатысты Қазақстанның ұстанымын сұрады.

«Бәріміз бұқаралық ақпарат құралдарынан да, әлеуметтік желілерден де Бучадағы және басқа да елді мекендерде болған жаңдайды көріп жатырмыз. Бучадағы жағдай – үлкен трагедия. Украина тарапы геноцид деп айтып жатқанын естіп жатырмыз. Ал Ресей тарапы бұны істемегенін алға тартуда. Сол себепті халықаралық ұйымдардың аясында, БҰҰ ауқымында комиссия құралады деген ойдамын. Сол комиссия объективті түрде жан-жақтан ақпаратты жинап, адамдармен кездесіп, сол жерге барып, халықаралық қауымдастыққа мәлімет бергені дұрыс. Бейбіт адамдар қаза болды. Сондықтан бұл жағдай «қалай болды, неге болды» деген сұрақтар аясында халықаралық ұйымдардың қатысуымен анықталу керек», — деді Сенат төрағасы.

Осы орайда М. Әшімбаев бұл оқиғаға қатысты эмоцияға салынбай, БҰҰ аясында үлкен тергеу жұмыстарын жүргізген орынды болатынын атап өтті.

«Мұндай мәселелерге қатысты халықаралық конвенциялар да, халықаралық шарттар да бар. Бұл тұрғыда БҰҰ аясында тиісті жұмыстар ұйымдастырылғаны дұрыс болатыны сөзсіз. Қазақстанның ресми позициясын Сыртқы істер министрлігіне сұрау салып, солардан алғандарыңыз дұрыс болады. Жақында Президентіміз өз мақаласында айтып кеткендей, біз Украинаның территориялық тұтастығын сыйлаймыз. Бұл жерде позициямыз анық. Соңғы айда бұл мәселені бірнеше рет Президент те, Сыртқы істер министрі де айтты», — деді Сенат төрағасы.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде