jasqazaq.kz

Мауия Алданазарова: Шымкентте аға буынға белсенді өмір сүруге жаңа мүмкіндіктер жасалуда

07 қыркүйек, 16:47

Елімізде халықтың әл-ауқатын арттыру, лайықты өмір сүру сапасын жақсарту және азаматтардың белсенді өмір сүруіне жағдай жасау — ең басты міндеттердің бірі болып табылады. Мемлекет басшысы жүргізіп жатқан реформалардың түпкі мақсаты — сырттан көмек күтпейтін, өз әлеуетін толық пайдалана алатын белсенді қоғам қалыптастыру.

Шымкентте аға буын өкілдерінің белсенді өмір сүруіне жағдай жасауға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Қаладағы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» зейнет жасындағы азаматтарға 36 бағыт бойынша қызмет көрсетіп, олардың денсаулығын нығайтуға, бос уақытын тиімді өткізуге және қоғамдық өмірге белсенді араласуына мүмкіндік беріп отыр.

Орталықтың жұмысы, аға буынға жасалып жатқан жағдайы туралы қалалық «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» басшысы Мауия Алданазарова Jas Qazaq тілшісіне әңгімелеп берді.

– Мауия Сахибекқызы, бүгінде аға буын өкілдерінің белсенді өмір салтын қалыптастыруға қандай мүмкіндік жасалған?

– Шымкентте аға буын өкілдерінің белсенді әрі сапалы өмір сүруіне жағдай жасауға ерекше көңіл бөлініп келеді. Осы бағыттағы негізгі алаңдардың бірі – «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы». Оның басты мақсаты – зейнет жасындағы азаматтардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, денсаулығын нығайту, әлеуметтік белсенділігін арттыру және қоғам өміріне араласуына мүмкіндік жасау.

Қазіргі таңда орталықта тұрғындарға 36 бағыт бойынша қызмет көрсетіледі. Олардың қатарында дәрігерлік кеңес, дене шынықтыру, таңғы жаттығу, физиотерапия, арт-терапия, еңбек терапиясы, тіл үйрену сабақтары, тұзды бөлме, заңгерлік кеңес, дұрыс тамақтану бойынша кеңестер және басқа да сауықтыру-әлеуметтік қызметтер бар.

Бұдан бөлек шығармашылық бағытқа да басымдық береміз. Мәдени-танымдық кездесулер, мерекелік шаралар, шығармашылық байқаулар, спорттық жарыстар, экскурсиялар, патриоттық және ағартушылық кездесулер тұрақты өткізіледі.

Ең маңыздысы – біз аға буын өкілдерін тек қызмет алушы ретінде емес, қоғамның белсенді мүшесі ретінде қарастырамыз. Олар қалалық және қоғамдық іс-шараларға қатысып, өз тәжірибесі мен қабілетін көрсетуге мүмкіндік алады.

– Орталыққа келген азаматтар нақты қандай спорттық, мәдени және әлеуметтік мүмкіндіктерді пайдалана алады?

– Мұнда әр адамның қызығушылығына қарай таңдау жасауына мүмкіндік бар. Спорттық бағытта таңғы жаттығулар, дене шынықтыру және сауықтыру жаттығулары ұйымдастырылады. Бұл азаматтардың қимыл-қозғалысын арттырып, денсаулығын нығайтуға бағытталған.

Мәдени және шығармашылық бағытта өнер үйірмелері мен танымдық сабақтар өткізіледі. Қызмет алушылар ән айтып, шығармашылықпен айналысып, кітап оқып, тіл үйреніп, өз өнерін ортаға сала алады.

Әлеуметтік бағытта медициналық, әлеуметтік және заңгерлік кеңестер көрсетіледі. Сонымен қатар дұрыс тамақтану, денсаулықты сақтау және салауатты өмір салты бойынша ақпараттық жұмыстар жүргізіледі.

Орталықтың тағы бір маңызды ерекшелігі – адамдардың бір-бірімен араласуына жағдай жасалуы. Бірнеше бөлімше арқылы қаладағы мыңдаған зейнеткер түрлі іс-шараларға қатысып келеді. Бұл жалғыздық сезімін азайтып, әлеуметтік байланыстарды нығайтуға және өмірге деген қызығушылықты арттыруға ықпал етеді.

– Алдағы уақытта орталықтың жұмысын қандай бағыттарда дамыту жоспарланып отыр?

– Алдағы кезеңдегі басты міндет – қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру. Сонымен бірге аға буын өкілдерінің денсаулығын сақтауға және белсенді ұзақ өмір сүруіне мүмкіндік беретін жаңа бағыттарды дамыту көзделіп отыр.

Сауықтыру, спорт, мәдениет және шығармашылық іс-шараларды көбейтіп, азаматтардың қызығушылығына қарай жаңа үйірмелер мен клубтарды іске қосу жоспарымызда бар.

Қазір әлемде белсенді ұзақ өмір сүру адамның жасымен ғана емес, оның денсаулығы, әлеуметтік белсенділігі, психологиялық жағдайы және қоғаммен байланысы арқылы бағаланады. Біз де осы қағидатты негізге аламыз.

Біздің мақсатымыз – зейнет жасындағы азаматтардың өмірін тек ұзарту емес, сол жылдардың мазмұнды, белсенді әрі сапалы өтуіне жағдай жасау. Әрбір аға буын өкілі өзін қоғамға қажет әрі маңызды тұлға ретінде сезінуі керек. Орталық осы мақсатта олардың жаңа мүмкіндіктерін ашып, өмірлік тәжірибесі мен әлеуетін қоғам игілігіне бағыттайтын жұмыстарын жалғастыра береді.

— Әңгімеңізге рахмет!

Олжас Әбдіхалық

Бүгін, 10:49
Алматыда жаңа кітап беру пункті ашылды
09 қыркүйек, 14:41
КЛАССИК
08 қыркүйек, 14:32
Берік Төлеуов: Шымкентте жедел медициналық көмектің сапасы мен жеделдігі арттырылуда
07 қыркүйек, 16:47
Мауия Алданазарова: Шымкентте аға буынға белсенді өмір сүруге жаңа мүмкіндіктер жасалуда
02 қыркүйек, 14:04
Мұхит Кемелов: Цифрландыру – әр тұрғынның жайлылығы үшін жасалатын қадам
01 қыркүйек, 14:43
Ілияс Есжанов: Шымкентте «ақылды» электр желілері іске қосылады
27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды
26 тамыз, 14:32
Мемлекет басшысы: Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді
26 тамыз, 13:38
Alatau City қаласының инвестициялық пулы 67 жобаға дейін ұлғайды