jasqazaq.kz

Матч кезінде футболшының аяғы екі жерінен сынды (видео)

21 қантар 2018, 12:19

«Вест Бромвич» шабуылшысы Саломон Рондон ағылшын премьер-лигасының 24-турындағы матч кезінде «Эвертон» қорғаушысы Джеймс Маккартидің аяғынан теуіп, екі жерден сындырды.

Оқиға Ливерпульде матчтың екінші таймында болды, бұл ойын 1:1 есебімен аяқталды. Рондон қарсыластарының қақпасына доп салуға ұмтылғанда, Маккарти қауіпті әдіспен допты іліп әкетпекші болды. Ақыры Рондон допты тебемін деп, қарсы команданың ойыншысының аяғынан тепті. Айта кетейік, жарақаттың ауыр екенін түсінгенде Рондон төрешіні бірінші болып шақырып, көмек көрсету үшін матчты тоқтатуды сұрады. Сонымен қатар, абдырап қалған ол, көз жасын да жасыра алмады. Матчтан кейін Маккартидің асықты жілігі мен асық жілігінің шыбығы сынғаны анықталды. «Мен қатты қайғырып тұрмын. Әріптесің мұндай жарақаттан қиналғанда барлық бәсекелестік бірден ұмыт қалады. Джеймс, қатарымызға оралғаныңды тезірек көремін деп қатты үміттенемін», — деді Рондон.

https://youtu.be/EPuPwrvWH08

tengrinews.kz

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды