jasqazaq.kz

Массаж салоны карантинге пысқырмайды

15 сәуiр 2020, 17:40

#үйдеотыр

Алматыда екі боди-массаж орталығы карантин режиміне қарамастан жұмыстарын жалғастырған .

Криминалдық полиция, карантин кезінде тыйым салынғанына қарамастан тәулік бойы жұмыс істеп келген массаж салондарын анықтады.

«Массаж салондарының иелері мен қызметкерлері массаж қызметін көрсетуді жалғастырып, карантин кезінде клиенттерді қабылдаған. Олардың бизнесі жасырын жұмыс істеген, салонға тек сенімді клиенттерін алдын ала жазылу арқылы қабылдаған. Белгілі болғандай, мұнда емдеу массажы емес эротикалық массаж қызметі көрсетілген»,–дейді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Жанболат Зиадин.

Салон иелері бірден әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша жауапқа тартылды: ҚР ӘҚбК-нің 476-бабы – төтенше жағдай режимін бұзу және ҚР ӘҚбК-нің 450-бабы – жезөкшелікпен айналысуға үй-жай беру немесе жеңгетайлық. Басқарма бастығының айтуынша, төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін массаж жасаушылар да заңға сәйкес жауап беруі керек. Шешім қабылдау үшін өндіріс материалдары сотқа жолданды.

ҚазАқпарат

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі