jasqazaq.kz

Мәслихат ғимаратында ер адам өз-өзін өртеді

03 наурыз 2021, 10:51

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ғимаратында «өзін-өзі өртеу» оқиғасына қатысты полиция түсініктеме берді.

2 наурызда сағат 16:40 шамасында облыстық мәслихат ғимаратында 46 жастағы Орал қаласының тұрғыны қалтасынан сіріңке алып, жемпіріне от қойған. Өрт дереу сөндіріліп, азаматты күйік шалған жоқ. Медициналық сараптамаға сәйкес, ол сау болған. (…) Ер адам қабылдау бөліміне тіркеулі №4 емханадан өзін №3 емханаға ауыстыру туралы өтінішпен келген. Бұл шешім емхана деңгейінде болғандықтан, басқарма жетекшісінің міндетін атқарушы Арман Қалибеков №3 емхана директорын өзіне шақырды. Ол кеңсеге келемін дегенше азаматтан өз өтінішін қағаз бетіне түсіру сұралады. Ал ол агрессивті түрде бұған өз наразылығын білдірді, — деді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі

Куәгерлердің айтуынша, ол басынан өзін дұрыс ұстай алмай, шу шығарғысы келген, үстінен алкогольдің иісі мүңкіп тұрған.

Бір уақытта ол қалтасынан сіріңкені алып шығып, жемпірін өртейді, бірақ бензин болмаған. Оның жанында тұрған денсаулық басқармасының қызметкері бірден оған ұмтылып, жемпірін шешіп, оны еденге тастап, өртті сөндіруге тырысты. Нәтижесінде ер адамның өзі де, басқа адамдар да зардап шеккен жоқ. Полиция шақырылды, олар ер адамды ұстап, медициналық тексеруге алып кетті, — деді полициядағыдар.

Арман Қалибековтың айтуынша, азаматтың өтінішін орындау үшін ешқандай кедергі болмаған.

Керісінше, оны тыңдап, мәселесін шешу үшін №3 емхана директоры шақырылған болатын, өйткені бекіту процедурасы емхана порталы арқылы техникалық түрде жүзеге асырылады. Ер адамға барлық қажетті түсініктемелер берілді. (…) Қазіргі уақытта уақиға орнында азаматты өзін-өзі өртеуге итермелеген себептерді анықтау үшін полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, — деді олар.

zakon.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия