jasqazaq.kz

Мәслихат депутаттары азаматтардың ұсыныстарын тыңдады

21 маусым 2024, 21:55


«АССАМБЛЕЯ. ПАРЛАМЕНТ. МӘСЛИХАТТАР» қоғамдық жобасы аясында Шымкент қалалық ҚХА мүшелері мен мәслихат депутаттары Сайрам тұрғын алабының тұрғындарымен кездесті. Жиынға Шымкент қалалық мәслихат депутаттары, басқарма басшылары, құқық қорғау органдары өкілдері қатысты. Іс-шара Мемлекет басшысының ҚХА-ның «Бірлік.

Жасампаздық. Өрлеу» атты XXXIII сессиясында берген тапсырмасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылды.
Кездесуге Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары – Қайрат Имашев, Мұратәлі Қалмұратов, Асқар Молдабек, Қаратау ауданының әкімі Рақымберді Мүлкеманов, Шымкент қаласы прокурорының аға көмекшісі Нариман Базарбаев, қалалық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлнәр Дәрібаева арнайы қатысты.

Еркін форматта өткен басқосуда еліміздің ішкі саяси тұрақтылығын одан әрі нығайту және халықпен тікелей байланыс орнату мәселелері айтылып, азаматтардың талап-тілектері, ұсыныстары тыңдалды.
Іс-шара ҚХА-ның «Бейбітшілік және келісім» жобасы аясында қоғамдық қабылдаумен жалғасты. Онда сала басшылары мен арнайы мамандардан жасақталған 7 топ тұрғындар арасында «Этносаралық келісім», «Әлеуметтік және еңбек проблемаларын шешу», «Халықтың денсаулығы», «Халыққа білім беру», «Бизнес ортаны дамыту», «Конфессияаралық келісім», «Заңдылық, тәртіп және қауіпсіздік» сынды бағыттарда қабылдаулар, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл